1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдаған. 2007 жылы 10.02.19 - тіл теориясы мамандығы бойынша "Мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының квантитативті өлшемдері" тақырыбында филол.ғ.д., проф. Э.Д. Сүлейменованың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғады. 2008 жылдан бері түркология және тіл теориясы (жалпы тіл білімі) кафедрасының оқытушысы қызметін атқарып келеді. Ғылыми зерттеу бағыты бойынша 40-жуық ғылыми мақалалары мен жарық көрген еңбектері: «Мен» vs. «және» жалғаулық шылауларының лингвостатистикалық сипаты» (2015 ж.) монографиясы; «Лингвистикалық бағыттағы салалық терминология сөздігі» (2018 ж.) және «Urban zoning and inequality in access to literacy: A case study of Kazakhstan» Scopus базасындағы журнал (2020 ж.) жарық көрді. Біліктілікті арттыру мақсатында семинарларға және халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысып, баяндама жасап жүреді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1997 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
21.12.2007 |
2
құжаттар
1